Сон Хён Мин Кореяда әскери қызметін өтейді
2019 жылда 27 жастағы футболшы Азиядағы үздік футболшы номинациясының жеңімпазы атанды
Англия Премьер лигасы «Тоттенхэм» клубының аладоп шебері Сон Хён Мин отан алдындағы борышын өтемекке Оңтүстік Кореяда мерзімді әскер қызметке барады.
Лондондық клуб сайтындағы ақпаратқа сай Сон бір ай Оңтүстік Корея әскерінде болып, мамыр айында Лондонға қайтуы жоспарланған. Наурыз айының соңында Кореяға оралған футболшы қазіргі уақытта шартты карантиндік бақылауға алынған болып, ол әскери қызметінде Чеджу аралындағы теңіз базасында жаттығатын болады.
2019 жылда 27 жастағы футболшы Азиядағы үздік футболшы номинациясының жеңімпазы атанды.