Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Сон Хен Мин әлемдік аренада танымал Азиялық футболшы атанды
13:10 / 2019-12-04

Азия футбол конфедерациясы ұйымдастыруымен Гонконгта «The AFC Annual Awards 2019» салтанатты марапаттау рәсімі өтті


Азия футбол конфедерациясы ұйымдастыруымен Гонконгта өткен «The AFC Annual Awards 2019» салтанатты шарасында 2019 жылдың үздік Азия құрлығы футболшылары марапатталды.

Айтулы шарада, 2019 жыл Азияның үздік футболшысы сыйлығына Қатар құрамасының шабуылшысы Акрам Афиф лайық деп табылса, Азия құрлығынан шыққан әлемдік аренада ойын көрсететін үздік футболшы марапаты «Тотенхэм» клубы шабуылшысы, Оңтүстік Кореялық Сон Хен Минге бұйырды.

EKyR3enWsAAQlIb-600x600.jpg

Азияның үздік бапкері Оңтүстік Кореяның жастар құрамасы жаттықтырушысы 50 жастағы Чун Жун Йон атанса, әйелдер арасында үздік бапкер Асако Такакура атанды. 

bqccz1jankh9odisgyuz.jpg

Ал, әйелдер арасында Азияның үздік ойыншысы францияның Лион клубы жартылай қорғаушысы Саки Кумагаиға нәсіп етті.