Сон Хён Мин «Алтын бутсы» жүлдесін жеңіп алған алғашқы азиялық атанды
Оңтүстік Кореялық футболшы Сон Хён Мин АПЛ тарихында «Алтын бутсы» жүлдесін жеңіп алған алғашқы азиялық атанды.
«Тоттенхэм» клубының 29 жасты футболшысы биылғы маусым Англия чемпионаты ойындарында 23 гол соқты және АПЛ-дің үздік сұрмергені атанды. Онымен қоса «Ливерпуль» клубының шабуылшысы Мохаммед Салах та ең көп гол соққан футболшы болды (23 голдың 5 пеналтиден соғылған).
АПЛ-дің 38-ші турында «Тоттенхэм» аутсайдер «Норвич» клубын қабылдап 5:0 есебінде ұтты және келесі маусымда Чемпиондар лигасына жолдама алды.