Сомалидегі стадионда жарылыс болып, 10 адам қаза тапты
Сомалидің орталық Галкайо қаласындағы стадион маңында бомбаның жарылуы салдарынан 10 адам мерт болды.
«Shabelle» радиосының хабарлауынша, қаза тапқандар арасында жоғары лауазымды тұлғалар бар. Жарылыс ел премьер-министрі Мұхаммед Хусейн Робле стадионға келерден бұрын болған.
Мәліметтерге қарағанда, терактіні жанкештілер жасаған. Үкімет оны «Аш-Шабаб» террористік тобымен байланысты деп күдіктенуде.
Жоспар бойынша Сомали премьер-министрі стадионда сөз сөйлеуі керек болатын. Қазір ол елде өтетін парламенттік және президенттік сайлау шеңберінде мемлекетті аралап жүруде. Сомалидегі парламент сайлауы 2020 жылдың 27 желтоқсанына, ал президент сайлауы 2021 жылдың 8 ақпанына жоспарланған.