Сомалидің Өзбекстандағы алғашқы елшісі тағайындалды
Сомали Федератив Республикасының Өзбекстан Республикасындағы алғашқы елшісі тағайындалды.
Бұл туралы Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов өзінің Telegram-арнасында хабарлады.
Министрдің айтуынша, бүгін, 27 қараша күні Фатхуддин Әли Мұхаммед Сомалидің Өзбекстандағы алғашқы елшісі ретінде сенім грамоталарын тапсырды.
«Елшінің маңызды дипломатиялық миссиясында зор табыстар тілейміз, сондай-ақ нәтижеге бағытталған тиімді ынтымақтастығымызды бірлесіп дамытуда жалғастырамыз», – деп жазды Бахтиёр Саидов.
Хабарда айтылуынша, шара барысында екі ел арасындағы көптеген келешегі кең бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірілген.