Сомали армиясы орталық аймақта 60 «Аш-Шабааб» содырын өлтірді
Сомали ұлттық армиясы жексенбі күні таңертең Сомали орталығындағы Халган қаласына жақын жерде бірлескен операцияда 60 «Аш-Шабааб» содырын өлтіріп, тағы бірнешеуін жаралады.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, операция елдің орталық бөлігіндегі аймақтарға шабуыл жасау үшін қайта топтастырылған «Аш-Шабааб» содырлары мен олардың командирлеріне қарсы бағытталған.
«Сомали ұлттық армиясы мен халықаралық серіктестер де осы аймақтардағы бірнеше лаңкестердің базалары мен қару-жарақтарын жойды. Армия оқиға орнынан қашып кеткен лаңкестерді әлі де қуып жатыр», - деп хабарланған Сомали ақпарат, мәдениет және туризм министрлігінің мәлімдемесінде.
«Аш-Шабааб» соңғы әскери операцияға қатысты әзірге мәлімдеме жасамаған.