Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Солтүстік Корея Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
07:12 / 2021-05-17

Солтүстік Корея 2022 жылы Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысудан бас тартты.

Азия футбол конфедерациясының хабарлауынша, «Н» тобында өнер көсеткен Солтүстік Корея құрамасы іріктеу аясында 5 ойын өткізуге үлгерген. Бұл топта Оңтүстік Корея, Ливан, Шри-Ланка және Түркіменстан құрамалары бар болып, топтағы қазіргі жағдай бойынша Солтүстік Корея 8 ұпаймен 4-ші орында еді. Ал, соңғы нәтижелер бойынша Түркіменстан құрамасы көш бастап тұр.

Бұл жағдайға байланысты ФИФА-ның ұйымдастыру комитеті қайта қарап, «Н» тобындағы ойындар тізбегінде болатын өзгерістер туралы кейінірек хабарлайтынын мәлімдеген.

Солтүстік Корея бұған дейін коронавирус пандемиясына байланысты Токио-2020 Олимпиадасына қатысудан бас тартып еді. 

Еске сала кетейік, Катарда өтетін футболдан Әлем чемпионаты 2022 жылдың 21 қарашасынан 18 желтоқсанына дейін өтеді деп жоспарланған.