Солтүстік Корея Жапон теңізіне баллистикалық зымыран ұшырды
Корея Халық Демократиялық Республикасы Жапон теңізі бағытына баллистикалық зымыран ұшырды.
«Yonhap» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, зымыран сынағы Пхеньянда жүзеге асырылған.
Оңтүстік Корея Қарулы Күштерінің Штаб бастықтары біріккен комитетінің мәліметіне сәйкес, құрылғы орта қашықтыққа арналғаны анықтаған.
Зымыран шамамен 1100 километр қашықтықты ұшып өтіп, суға құлаған. Осы оқиғаға байланысты Сеул әскери күштердің жауынгерлік дайындық деңгейін арттырды.
Айта кетейік, 2024 жылы КХДР жетекшісі Ким Чен Ын орта және ұзақ қашықтыққа ұшатын жаңа гипердыбысты зымыранға арналған сұйық отынды реактивті қозғалтқыш сынағын өткізген еді.