Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Солтүстік Корея баллистикалық зымырандар тасымалдайтын сүңгуір қайық құрылысын аяқтады
09:41 / 2021-04-12

КХДР сыйымдылығы 3 мың тонналық баллистикалық зымырандар тасымалдайтын жаңа суасты кемесінің құрылысын аяқтады.

Yonhap ақпарат агенттігі АҚШ және Оңтүстік Корея барлау мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Пхеньян Америка Құрама Штаттарына қысымды күшейту үшін өзінің жаңа кемесін көрсету мүмкіндігін күтуде. Кеме презентациясы кезінде одан «Pukguksong-3» сынды баллистикалық зымыран ұшырылуы мүмкін.

2019 жылы БАҚ-та Солтүстік Корея 3 баллистикалық зымыранды көтере алатын жаңа суасты қайығын жасап жатқаны хабарланды. Сол кезде кеме Жапон теңізінен тыс Тынық мұхитына жете алса, АҚШ-тың Гуам және Гавай аралдарына соққы беруі мүмкін екендігі айтылған.