Солтүстік Корея астанасында бес күндік карантин жарияланды
ЖРВИ санының артуына байланысты КХДР астанасында бес күндік карантин жарияланды.
NK News хабарынша, Солтүстік Корея билігі ЖРВИ жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты Пхеньян тұрғындарына бес күндік карантин жариялады.
Ондағы дерекке сай, Солтүстік Корея астанасында сәрсенбіден жексенбіге дейін карантин енгізілген болып, COVID-19 туралы ештеңе айтылмаған.
Агенттік мәліметінше, Пхеньян тұрғындары жексенбінің соңына дейін үйлерінде болып, күніне бірнеше рет дене температурасын өлшеп тұруы керек.