Солтүстік Корея алыс қашықтыққа ұшатын зымыранның жаңа түрін сынақтан өткізді
Солтүстік Корея алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымыранның жаңа түрін сынақтан өткізді.
Yonhap ақпараттық агенттігінің дерегінше, Пхеньян соңғы екі жылда қанатты зымыран жасаумен айналысқан. Соның нәтижеде жасалған зымыран үлкен мүмкіндіктерге ие стратегиялық қаруға айналғаны айтылады.
«Зымыранның түрлі бөлшектері, қозғалтқыштары, басқару және нысанаға жүйелері мен жауынгерлік оқтұмсық сынақтары сәтті өтті», - делінген хабарламада.
Ұшырылған жаңа зымырандар 7580 секунд ішінде республика аумағы мен оның сулы траекториялары бойынша ұшып өтіп, 1,5 мың шақырым қашықтықтағы нысандарды дәл көздеген.
«Жаңа зымыранның сипаттамалары жоба талаптарына сәйкес келеді», - делінген агенттік хабарламасында.