Солтүстік пен Оңтүстік Корея тағыда қақтығысама?
Екі елдің 1998 жылы ынтымақтастықта қол ұрған келісімнің орындалмауы себеп болған
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға 1998 жылы ынтымақтастықта қол ұрған Кимгансан туристік нысанын бұзуды талап етіп ультиматум жіберді. Бұл жайында Кореяның жергілікті орталық телеграф агенттігі хабарлаған.
Оған негізгі себеп ретінде бұл туристік аймақтағы нысандардың 10 жылдан беріге реконструкция жұмыстары жүргізілмегенін айтып, «олар қайта жөндеуден өткізбейтін болса өзіміз атаулы нысандарға байланысты шаралар көретін боламыз. Өйткені біз таулардың иесі ретінде келешек жастар алдында жауапты болғандықтан біз бұл тауларды әлем тамсанатын аймаққа айналдырамыз», -деген.
Корея түбегінің шығысында орналасқан Кимгансан таулы туристік аймағы Солтүстік Кореяның өте әдемі аймақтарының бірі саналып оған Оңтүстік Корея 680 миллион доллар инвестиция салған. Бірақ 2008 жылда осы аймақта Оңтүстік Кореялық саяхатшы әйел өлтірілгеннен кейін Сеул тарапы аймақтағы ынтымақтастықты белгісіз мерзімге тоқтатуға шешім шығарған.