Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Солтүстік Кореяның қанша ядролық және химиялық қаруы бар екендігі анықталды
13:54 / 2020-08-20

Солтүстік Кореяның 60-қа жуық ядролық бомбасы мен арсеналында 5000 тонна химиялық қару бар екені мәлім болды


Солтүстік Кореяның 60-қа жуық ядролық бомбасы мен арсеналында 5000 тонна химиялық қару бар екені мәлім болды.

АҚШ әскери баяндамасында айтылған бұл ақпарат «Daily Mail» басылымында жарық көрген. Онда «Солтүстік Кореяның ядролық қаруы туралы мәліметтер әртүрлі болып, елде 20-дан 60-қа дейін ядролық бомба бар және жылына дәл осындай алты қару шығаруға мүмкіндігі бар», - делінген құжатта. Баяндама авторларының пікірінше, 2020 жылдың соңына қарай Солтүстік Корея 100-ге дейін әскери оқтұмсық шығаруы мүмкін.

АҚШ әскерилерінің сөзінше Пхеньян осындай үлкен қару-жарақ қорын басқа мемлекеттердің елдегі режимді өзгерту әрекетіне қарсы жағдайға сақтайды дейді. Сарапшылардың ойынша Солтүстік Корея кез келген қақтығыста бактериологиялық қаруды қолдану мүмкіндігі жоғары. Ондағы зымыранға қондырылған бір фунт (454 грамм) күйдіргі 50 мың адамды жойып жіберу мүмкіндігі бар.

Бұған дейін БҰҰ да Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы туралы баяндама жасаған болатын. БҰҰ мәліметі бойынша, Пхеньян соңғы 6 ядролық сынақтардың нәтижесінде шағын көлемді ядролық құрылғыны жасаған.