Солтүстік Корея жаңа түрдегі баллистік зымыран ұшырды
Pukguksong-3 2016 жылда алғаш рет сынақтан өткен баллистік зымранның жаңа буыны саналады.
2-ші қазан күні таңда Солтүстік Кореяның шығыс жағалауындағы су асты кемесінен Pukguksong-3 жаңа баллистикалық зымыраны сәтті ұшырылғаны хабарланған. Жаңа ракетаның сынақ кезінде тактикалық сипаттамалары расталып және ол көрші мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеген.

Ракетаны сынақтық ұшыруына Корея еңбек партиясының жетекшілеріде қатысқан. Сәтті ұшырылған зымранның нәтижесі хабарланғаннан соң Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ин сынаққа қатысқандарға өз құттықтауын жолдаған.
Pukguksong-3 2016 жылда алғаш рет сынақтан өткен баллистік зымранның келесі буыны саналады.
Еске сала кетсек, 2017 жылдың мамыр айында Солтүстік Корея зымранның Pukguksong-2 түрін сынақтан өткізу кезінде, ол 500 км ушып барып Жапон теңізіне құлаған болатын. Бұл сынақтарды БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі айыптаған.