Солтүстік Корея басшысының денсаулығы операциядан кейін нашарлады ма?
Сарапшылардың айтуынша Солтүстік Корея лидерлері маңызды мерекелерге қатыспаған кезде күрделі оқиғалар орын алғанын айтады
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын 11 сәуірден кейін үкіметте көрініс бермеген болып, оның себебі операциядан кейін денсаулығы күрт нашарлап жағдайы ауыр халде екендігімен айғақталған.
АҚШ-тың CNN арнасы америкалық шенеунікке және О.Кореядағы «Daily NK» интернет газетасына сілтеме жасай отырып Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның жағдайы күрт нашарлағанын хабарлады. Ким денсаулығына байланысты 12 сәуірде операция столына жатқан. Ол мөлшерден тым көп темекі шегуі және семіздік пен шаршауға байланысты жағдайға орай жүрек қан-тамыры жүйесіне операция жасалған. Қазір Хянсан провинциясындағы мемлекеттік ауруханада емделуде.
CNN дәл осындай хабарды таратқанымен Ким Чен Ынның денсаулығына қатысты нақты ақпараттан хабарсыз. Өйткені Оңтүстік Кореяның Біріккен министрлігі мен Қорғаныс министрлігі Ким жөніндегі хабарларға түсінік беруден бас тартқан. Ал Солтүстік Корея үкіметі президенттің денсаулығында темекі мен артық салмаққа қатысты проблемалардың бар екенін мойындаған, алайда олар да операция жағдайынан хабар күтіп жатқанын мәлімдеген. Қазірге АҚШ үкіметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
Қазіргі уақытта жағдай өте дерексіз күйінде қалып отыр. Солтүстік Корея туралы ақпарат жинау - бұл тіпті АҚШ барлау қызметі үшін де ең күрделі және қиын міндеттердің бірі. КХДР өзінің жетекшісіне қатысты кез-келген ақпаратты қатаң бақылайды. Ресми баспасөзде Кимнің операциялық үстелге жатқандығы туралы хабарлардың болмауы оның денсаулығы туралы түрлі қауесеттерді тудырды.
Сарапшылардың айтуынша Солтүстік Корея лидерлері маңызды мерекелерге қатыспаған кезде күрделі оқиғалар орын алғанын айтады. Мысал ретінде 2008 жылы Ким Чен Ир Солтүстік Кореяның 60 жылдығына арналған әскери шеруге қатысқан жоқ. Кейін оның инсульт алғаны белгілі болып, ол сол соққысынан толықтай қалпына келе алмай, 2011 жылы қайтыс болды. Ал Ким Чен Ын 15 сәуірде мемлекеттің негізін қалаушы атасы Ким Чен Ирдің туған күніне орай өткен мерекелік шараға қатыспаған.