Соңғы екі күнде тағы 47 ауған сарбазы Өзбекстанға қашып өтті
Өзбекстан Ауғанстандағы шиеленістің артуына байланысты алаңдаушылық білдіреді. Соғысып жатқан тараптарды бейбіт тұрғындардың құрбан болуына жол бермеуге және күш қолданбауға шақырамыз, деп мәлімдейді Өзбекстан Респубикасының сыртқы істер министрлігі.
«27 маусымда Ауғанстанның 44 шекарашысы мен жергілікті қарулы топ «Шортепа» ауданында Өзбекстан шекарасын бұзды. Бір күн бұрын, 26 маусымда, шекараның осы бөлігінде көрші елдің қауіпсіздік күштерінің үш қызметкері Өзбекстанға өткені анықталды. Барлық ауғандық азаматтар еліне қайтарылды.
Өзбекстан аумағына заңсыз кіруге бағытталған мұндай әрекеттер қатаң тәртіпте шара қаралады.
Өзбекстан үкіметі Ауғанстанмен дәстүрлі достық және тату көршілік қатынастарды жалғастыруға, бейтараптықты сақтауға және көрші елдің ішкі істеріне араласпауын мәлімдейді», делінген СІМ хабарында.