Соңғы бес айда Өзбекстанда 160 трлн сумдық өнеркәсіп өнімі шығарылды
2021 жыл басынан Өзбекстанда 160 трлн сумдық өнеркәсіп өнімі шығарылып, сыртқы сауда айналымы 13,2 пайызға артқан.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2021 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Өзбекстан Республикасында 160,0 трлн сумдық өнеркәсіптік өнім өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 108,2 пайызды құраған.
Осылайша осы кезең аралығында Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 14,6 млрд АҚШ долларына тең болды. Бұл дегені, 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 млрд АҚШ долларына немесе 13,2 пайызға өскенін көрсетті.