English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Соңғы 9 айда Өзбекстанға халықаралық ақша аударымдары арқылы 5,7 млрд доллар түскен
12:44 / 2021-10-22

2021 жылдың 9 айында халықаралық ақша аударымдары арқылы Өзбекстанға жіберілген қаржы көлемі 5,7 млрд долларды құрады.

Орталық банктың мәліметінше, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34,2 пайызға, 2019 жылдағыға құарағанда 29 пайызға өскен. 

2021 жылдың 9 айында ЖІӨ реал өсімі 6,9 пайыз болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 9%-ға, ауыл шаруашылығында - 4,2%-ға, құрылыста - 4,5%-ға және негізгі капиталға инвестициялар - 5%-ға өскені айтылған.

Осы кезеңде ел халқының табысы нақты түрде 10,4 пайызға өсті, делінген ОБ хабарында.