Соңғы 9 айда қауын-қарбыз эспортынан 22 млн долларға жуық қаржы түскен
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Өзбекстан шет мемлекеттерге 79,1 мың тонналы қауын-қарбыз экспорттаған.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметі бойынша, соңғы 9 айдағы қауын-қарбыз эспортынан 21,7 миллион доллар қаржы түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,8 мың тоннаға аз.
2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қауын мен қарбыз экспортталған елдер:
- Қазақстан – 33,1 мың тонна
- Ресей – 20,1 мың тонна
- Қырғызстан - 13 мың тонна
- Украина – 5,6 мың тонна
- Латвия – 2,9 мың тонна