Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Соңғы 10 жылдағы мықты кәсіпкер Amazon компаниясының басшысы
19:54 / 2019-12-14

Alibaba компаниясының негізін қалаушы қытайлық кәсіпкер Жек Ма екінші орынға жайғасқан


Америкалық CNBC Global CFO Council – әр түрлі саладағы мемлекеттік және жеке компаниялардың өкілдерінен тұратын жетекші қаржы қызметкерлерінің элиталық тобын анықтаушы ақпарат көзінің жүргізген сауалнамасына байланысты жер жүзіндегі жетекші Amazon компаниясының басшысы Жефф Безос соңғы он жылдықтағы мықты кәсіпкер атанған. 

Қазіргі таңда Безостың барлық активтері өткен айда «Bloomberg Billionaires Index» жарияланған соңғы мәліметтермен 109 миллиард АҚШ долларына ие.

CNBC компаниясы жүргізген сауалнамаға сай Жефф Безостан кейінгі орынды Азиядағы ең танымал интернет-рейтейлері саналатын Alibaba компаниясының негізін қалаушы қытайлық Жек Ма иелеген. Қазірде отставкадағы миллиардердің жалпы активтері 38,2 миллиард АҚШ долларға бағаланған. Сонымен қатар Жек Ма Азия құрлығындағы ең бай миллиардерлер қатарында көш бастап келеді.

02_FhQxgcq.jpg

Сауалнама бойынша үшінші орында әлемді тегін интернетпен қамтуға қадам басқан өнертапқыш және кәсіпкер Илон Маск жайғасқан. Жақында ғана өзінің болат пішінді элетропикапын көпшілікке таныстырған миллиардер, бүкіл АҚШ-ты таза энергия көзімен қамтушы күн энергия көзінен құралған ферманы құру ойда екенінде жоққа шығармады. Оның байлығы 22,3 миллиард АҚШ долларына тең. 

e86287db-0b2d-46e2-9d89-b9810dbe53a1.jpeg