Калифорния университетінің ғалымдары саусақтың ұшымен техниканы зарядтай алатын құрылғының прототипін жасады.
The Science Times порталының дерегінше, құрылғының жұмыс істеуі үшін ешқандай қозғалыс қажет емес, ол өздігінен пайда болатын терді электр қуатына айналдыра алады.
Өнертапқыштардың айтуынша, саусақ ұшында денедегі тер бездерінің ең көп концентрациясы болады, әр саусақ дененің басқа бөліктеріне қарағанда 100-1000 есе көп тер шығарады.
Электр өткізгіштер терді сіңіреді, ал электродтардағы ферменттер электр энергиясын алу үшін химиялық реакция жасайды. Содан кейін энергия кішкентай конденсаторға жиналып, құрылғыны қуаттандыруға жұмсалады.

Құрылғы электронды сағатты 10 сағаттан 24 сағатқа дейін басқаруға жететін 400 миллиждоуль энергия жинай алады. Бұл бір саусақтағы құрылғының нәтижесі. Ғалымдар болашақта құрылғының көлемін одан әрі ұлғайтуға ниетті.