ӨР Сыртқы істер министрлігі интернет беттерінде тараған босқындарды қабылдау жайлы ақпаратқа түсініктеме берді.
«Бүгінде кейбір ақпараттық агенттіктер мен сайттар арқылы Интернетте «Өзбекстан Ауғанстандағы Талибан режимінен қашқандарға шекарасын ашуға дайын» деген ақпарат таратты.
Осыған байланысты Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қауіпсіздік мақсатында қазір Өзбекстан-Ауғанстан шекарасы толығымен жабылған және Терміз өткізу бекетінде құрлық арқылы өту жолы жабық.
Жақын арада өзбек-ауған шекарасындағы Терміз өткізу бекетін ашу жоспарда жоқ. Шекарадан өтуге жасалған кез келген заңсыз әрекет, олардың себептеріне қарамастан, Өзбекстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң түрде жазаланады.
Өзбекстан тарапы соңғы 12 күн ішінде бірқатар елдерге өз азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялау үшін гуманитарлық операцияларды жүргізуге көмектесті, олардың Өзбекстанға келуі мен шығуы тек әуе көлігі арқылы жүзеге асырылды.
Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан Республикасы өз аумағында ауған босқындарын қабылдамайтынын, транзиттік көмек көрсететінін және олардың елде қатаң шектеулі уақыт ішінде болатыны тағы да хабарлайды.
Өзбекстан жағы Ауғанстанмен дәстүрлі достық және тату көршілік қарым-қатынасты дамытуға және көрші елдің ішкі ісіне араласпауға бейілділігін растайды», делінген СІМ хабарында.