СІМ: Өзбекстан Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуге дайын
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектесуге дайын екенін мәлімдеді.
Ауғанстанның Пактика және Хост провинцияларында көптеген адамдардың қаза болуы мен жарақат алуына, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соқтырған жер сілкінісі туралы жағдайға Өзбекстан алаңдаушылық білдіреді.
Қаза болғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз.
Өзбекстан үкіметі бауырлас Ауғанстан халқына табиғи апаттың зардаптарын тез арада жоюға барынша көмек көрсетуге дайын, - делінген СІМ хабарламасында.
Еске сала кетейік, 21 маусымда Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысындағы шалғай аудандарда, Пактика және Хост провинцияларында магнитудасы 51 км тереңдікте 6,1 балдық күшті жер сілкінісі болып, оның салдарынан мыңдаған адам қаза тауып 1500-ден астам азамат жарақат алған.