Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
СІМ: Өзбекстан Ауғанстандағы жағдайды мұқият қадағалап отыр
12:42 / 2021-08-17

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы жағдайды туралы мәлімдеме жасады.

СІМ-нің дерегінше, біз Ауғанстанның ішкі күштерінің инклюзивті үкімет құруға дайындығы туралы мәлімдемелерін қолдаймыз. Дохадағы ауғанаралық келіссөздер аясында жан-жақты бейбітшілікке қол жеткізіледі деп сенеміз.

Елдегі биліктің ауысуы халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормаларын ескере отырып, ортақ консенсус негізінде бейбіт жолмен жүзеге асады деп сенеміз.

Жағдайдың осы бағытта дамуы ұлттық келісімге алып келетініне, сонымен қатар мықты және қабілетті мемлекеттің қалыптасуына жағдай жасайтынына сенімдіміз.

Өзбекстан жағы Ауғанстанмен дәстүрлі достық және тату көршілік қарым-қатынасты сақтауға және көршілес елдің ішкі ісіне араласпау принципіне беріктігін растайды.

Қазіргі уақытта Өзбекстанның Кабул мен Мазари-Шарифтегі дипломатиялық өкілдіктері әдеттегідей жұмыс істеуде.

Шекара жағдай бойынша Өзбекстан жағы шекараны қорғау және бітімгершілік бойынша Талибан өкілдерімен тығыз байланыста.

Біз Өзбекстанның мемлекеттік шекарасын бұзуға болған әрбір әрекетті ұлттық заңнамаға сәйкес қатаң түрде шара қолданылатынын мәлімдейміз, делінген хабарда.