СІМ: Өзбекстан Ауғанстанда үкіметтің құрылғанына орай мәлімдеме жасады
Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанда уақытша үкіметінің құрылғанын құптайтынын мәлімдеді.
СІМ хабарламасында, «Біз бұл шешім жалпыұлттық келісімге және елдегі тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізудің алғашқы қадамы болады деп сенеміз.
Ауғанстанның жаңа үкіметімен конструктивті диалог пен практикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын екенімізді білдіреміз», делінген.