Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Ауғанстанмен шекарада атыс болды деген ақпаратты жоққа шығарды.
СІМ мәліметінше, Ауғанстанның уақытша үкіметінің өкілі Забихулла Муджахид та түрлі интернет басылымдардағы мақалаларды жалған және негізсіз деп атады.
«Кейбір әлеуметтік желілердегі ауған ақпарат көздеріне сүйене отырып, 2022 жылдың 4 мамырына қараған түні Өзбекстан-Ауғанстан шекарасында атыс болғаны, соның нәтижесінде Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Шекара әскерлерінің қызметшілері қаза болды деген ақпарат тарауда.
Тарқатылған хабардың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Шекарада жағдай тұрақты, оңтүстік шекараны қорғау әдеттегідей жалғасуда.
Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі БАҚ өкілдерін журналистік этиканы сақтауға және өз дереккөздерінде дұрыс емес және тексерілмеген ақпаратты жарияламауға шақырады», делінген СІМ ақпаратында.