Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов Сингапурдың Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі (резиденциясы Сингапурда) Зулкифли бин Бахарудинді қабылдады.
СІМ мәліметінше, дипломат Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға, мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларындағы жетістіктерге оң баға берген.
Кездесу барысында Өзбекстан-Сингапур қарым-қатынасының түрлі салалардағы өзекті аспектілері талқыланды.
Екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін, оның ішінде өзара сапарларды ұйымдастыру, СІМ арасында консультациялар өткізу, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы күш-жігерді үйлестіру қажеттігіне назар аударылды.
Әртүрлі деңгейде және формада жоспарланған іс-шаралардың кестесі бойынша пікір алмасылды.
Экономикалық дипломатияны ілгерілету мақсатында тараптар іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату, бизнес-форумдар ұйымдастыру, электронды коммерция мен «жасыл экономиканы» дамыту бойынша тәжірибе алмасу, білім беру, денсаулық сақтау, фармацевтика және т.б. салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыру маңыздылығын атап өтті.
Достық пен өзара сенім жағдайында өткен кездесу нәтижесінде екі ел халықтарының игілігі үшін барлық саладағы қарым-қатынастарды тереңдету бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға келісілді.