Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
СІМ: Қазақстандағы шерулерге қатысты деген күдікпен ұсталған адам Өзбекстан азаматы емес
15:34 / 2022-01-18

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы шерулерге қатысты деген күдікпен ұсталған азамат жөнінде мәлімдеме жасады.

Министрлік дерегінше, 17 қаңтарда Қазақстанның Түркістан облысында елдегі шерулерге қатысты деген күдікпен қамауға алынған кісі Өзбекстан азаматы емес.

«Жақында бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында 2022 жылдың 17 қаңтарында Түркістан облысындағы (Қазақстан Республикасы) «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекетінде Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан Республикасының азаматы ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

Өзбекстан Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, ұсталған азамат Өзбекстан Республикасының азаматы емес.

Тиісті ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында жарияланды», делінген хабарламада.