СІМ орынбасары Әзірбайжан елшісімен кездесті
Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рахматулла Нуримбетов Әзірбайжанның елшісі Хусейн Гулиевпен кездесті.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Өзбекстан-Әзірбайжан стратегиялық әріптестік қатынастарының дамуы бойынша 2023 жылғы нәтижелерді қорытындылап, 2024 жылға арналған екіжақты және көпжақты бірлескен іс-шаралар кестесін қарастырды.
«Кездесуде халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектілері де талқыланды», делінген хабарламада.