Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
СІМ-де «ЕО-Орталық Азия» форматындағы іс-шараларға дайындық барысы талқыланды
11:08 / 2023-05-29

Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Еуропа елдерімен және Еуропалық Одақ институттарымен ынтымақтастық департаментінің басшысы Айбек Шахавдинов пен Еуропалық Одақ делегациясының басшысы Шарлотта Адрианның кездесуі өтті.

Dunyo ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесуде Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективалары, сондай-ақ алдағы уақытта екіжақты және аймақаралық іс-шаралар талқыланды.

«Алдағы «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» саммитінің күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Кездесу соңында Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру тәжірибесін жалғастыру келісілді», делінген хабарламада.