Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
СІМ басшысы Қытай елшісімен кездесті
13:54 / 2023-01-05

2023 жыл 4 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі м.а. Бахтиер Саидов Қытай Халық Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Цзян Яньды қабылдады.

СІМ мәліметінше, келіссөз барысында екі ел арасындағы түрлі салалардағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту перспективалары, атап айтқанда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің 2022 жылғы қыркүйекте Өзбекстанға мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру арқылы қарастырылды.

Сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникация салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылып, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы өзара ынтымақтастықтың практикалық аспектілері бойынша пікір алмасылды.

Ведосмтво дерегінше, болашақ екіжақты және көпжақты іс-шаралардың кестесі мен күн тәртібі талқыланып, тараптарды қызықтыратын басқа да мәселелер жайлы пікір алмасылған.