СІМ басшысы Оңтүстік Корея елшісін қабылдады
Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Оңтүстік Корея елшісі Вон До Ёнды қабылдады.
Оңтүстік Корея Республикасының Өзбекстандағы Елшісі Вон До Ён мырзамен кездестік, — деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің телеграм-арнасында.
«Өзбекстан – Оңтүстік Корея арасындағы стратегиялық серіктестік күн санап динамикалық алмасулар, болашақтағы жобалармен, нақты нәтижелермен және өзара пайдалы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарымен нығайып келеді. Елдеріміз көп жылғы және уақыт сынағынан өткен серіктестер. Біз барлық келісімдерді уақытында жүзеге асырудың маңыздылығын атап өттік. Корея Үкіметімен тығыз ынтымақтастықты дамыту жұмыстарын жалғастырамыз», — деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің телеграм-арнасында.