СІМ басшысы Жапония елшісін қабылдады
2024 жыл 5 ақпанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Жапонияның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Такаши Хаториді қабылдады.
СІМ мәліметінше, кездесу барысында 2023 жылдың қорытындысы қаралып, 2024 жылға арналған жоспарлар талқыланды.
«Тараптар Өзбекстан-Жапония ынтымақтастығының оң қарқынын одан әрі арттыру, барлық деңгейдегі байланыстарды жандандыру, екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей диалогты дамыту қажеттігін атап өтті», делінген хабарламада.