English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
СІМ басшысы Франция Президентінің кеңесшісімен кездесті
16:37 / 2023-04-04

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бахтиёр Саидов Франция Республикасы Президентінің кеңесшісі Изабель Дюмонмен кездесті.

СІМ хабарлауынша, келіссөздер барысында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің 2022 жылғы 21-22 қарашадағы Францияға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы қаралды. 

«Тараптар Өзбекстан мен Францияның саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастығын нығайту мәселелерін, сондай-ақ білім және туризм салаларындағы қарым-қатынастарды жеделдету бойынша ұсыныстарды талқылады», делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, түрлі деңгейлі және форматтағы болашақ екіжақты диалогтардың кестесі мен ұйымдастырушылық аспектілері бойынша пікір алмасылды.