СІМ басшысы Еуропарламенттің Өзбекстан бойынша баяндамашысымен кездесу өткізді
2023 жылғы 22 ақпанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Бахтияр Саидов Еуропарламент депутаты, Өзбекстан бойынша спикер Илхан Кючюкпен кездесті.
СІМ мәліметінше, тараптар парламентаралық диалогты жандандыру перспективаларын қарастырған.
«Кездесуде түрлі форматтағы алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін талқыланды, сондай-ақ заң шығармашылығы саласында тәжірибе алмасуға мүдделі екендіктерін білдірді», делінген хабарламада.