2023 жыл 22 қаңтарда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі м.а. Бахтиёр Саидов Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 26-шы отырысына қатысу үшін Өзбекстан келген ЭЫҰ Бас хатшысы Хусрав Нозиримен кездесті.
СІМ мәліметінше, сұхбат барысында Өзбекстан мен ЭЫҰ арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Ұйым аясында аймақтық ынтымақтастықты дамыту, оның жаһандық беделін арттыру жөнінде пікір алмасылды.
«Х.Нозири Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен «ЭЫҰ -дағы өзара тәуелділікті нығайту жылы» деп жарияланған 2022 жыл ішінде Өзбекстанның Ұйымға белсенді және мазмұнды төрағалығын атап өтті. Өзбекстан басшысы ЭЫҰ -ның Ашхабад саммитінде алға қойған бастамаларын жүзеге асыру ұйымның қызметіне күшті серпін беріп, жаңа «өсу нүктесі» болатынына сенім білдірілді», делінген хабарламада.
Тараптар Ұйым аясындағы өзара ынтымақтастық әлеуетін, әсіресе сауда, инвестиция, көлік-коммуникация, энергетика салаларындағы «ЭЫҚ перспективалары 2025» бағдарламасында белгіленген мақсаттарға жету үшін тиімдірек пайдалану қажеттігі туралы жалпы пікір білдірген.
Кездесуде сондай-ақ Ташкентте өткен ЭЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысының ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілері және Өзбекстанның төрағалығымен өткен басқа да іс-шаралар талқыланғаны айтылады ведомство ақпаратында.