СІМ басшысы БҰҰ-ның тұрғын үй құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысымен кездесті
2024 жыл 21 тамызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов БҰҰ-ның тұрғын үй құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Балакришнан Раджагопалмен кездесті.
СІМ мәліметінше, Өзбекстан үкіметі халықаралық ұйымдармен көптеген салаларда белсенді ынтымақтастық жасап келеді.
«2024 жылдың басынан Өзбекстанның бастамасымен БҰҰ-ның 5 қарары қабылданды. Кездесуде БҰҰ-ның арнайы баяндамашыларымен барлық бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігі айтылды», делінген хабарламада.