Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесу өткізді
12:15 / 2023-03-02

2023 жыл 1 наурызда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің басшысы Бахтияр Саидов Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесу өткізді.

СІМ дерегінше, келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытуға, Өзбекстан Үкіметінің адам құқықтары мен сөз бостандығын қамтамасыз етудегі күш-жігерін қолдауға, академиялық алмасуларды кеңейтуге және ағылшын тілін оқытуды дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру арқылы Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды.

«Э.Блинкен АҚШ үкіметі Өзбекстан Президентінің басшылығымен елде жүзеге асырылып жатқан адам мүдделерін қамтамасыз етуге, оның қадір-қасиетін құрметтеуге бағытталған реформалар бағдарламасын жүйелі түрде және толық қолдайтынын атап өтті», делінген хабарламада.