Словенияда тәуелсіз кандидат президент болды
Жексенбі күні Словенияда өткен президент сайлауының екінші турында тәуелсіз кандидат Наташа Пирц Мусар жеңіске жетті.
Associated Press хабарлауынша, бюллетеньдердің басым бөлігін санағаннан кейін Пирц Мусар 54% дауыс жинағаны белгілі болды. Оның сайлаудағы бәсекелесі Словения Демократиялық партиясының өкілі Анже Логара үшін сайлаушылардың 46 пайызы дауыс берген.
Анже Логара сайлауда жеңілгенін мойындады. Осылайша, Пирц Мусар Словения президенті қызметін атқаратын алғашқы әйел болады.
Жаңа мемлекет басшысы Словенияның қазіргі президенті Борут Пахордың бес жылдық мандаты аяқталатын 23 желтоқсанда қызметіне кірісуі тиіс.