Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Словенияда стратегиялық форум өтеді
16:33 / 2023-08-28

Словенияның Блед қаласында өтетін XVIII халықаралық стратегиялық форумға әлем елдерінен үш мыңға жуық адам қатысады.

«ТАСС» агенттігінің хабарлауынша, шара «Жаһандық қауіпсіздік жолындағы бірлік» ұранымен 28-29 тамыз аралығында өтеді. Екі күн ішінде 200-ден астам спикер 32 тақырып бойынша пікірсайыс жасайды.

Конференцияға Албания, Болгария, Солтүстік Македония, Сербия, Словения, Хорватия, Черногория және Косово премьер-министрлері, Грекия, Молдова және Словения президенттері, Еуроодақ төрағасы Шарль Мишель, 13 сыртқы істер министрлері сонымен қатар азаматтық қоғам өкілдері, халықаралық ұйымдар, кәсіпкерлер, ғалымдар қатысады.

Кездесу аясында киберқауіпсіздік, ЕО-ның жаңа геосаяси дәуірдегі рөлі, азық-түлік және энергетика мәселелері, климаттың өзгеруі, еркін баспасөз, туризм, адам құқықтары, цифрлық трансформация, Украина мен Батыс Балқандағы жағдай талқыланады.