Словенияда президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтеді
Жексенбі күні Словенияда өткен президенттік сайлауда бюллетеньдердің 99,93 пайызын санау қорытындысы бойынша Республика Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы басшысы, Словения Демократиялық партиясынан депутат Анже Логар алда келеді.
Мемлекеттік сайлау комиссиясының сайтында жарияланған ақпаратқа сай, Логар 33,96 пайыз дауыс жинаған. Екінші орында 26,87 пайыз дауыспен партиялық емес кандидат, заңгер Наташа Пирц-Мусар, үшінші орында 15,41 дауыспен Еуропарламент депутаты, социал-демократтар мен «Азаттық» қозғалысының кандидаты Милан Брглез.
Сайлауға жеті үміткер қатысты. Ешбір кандидат сайлаушылардың жартысынан астам дауысын ала алмағандықтан, ең көп дауыс жинаған екі кандидат арасында 13 қарашада екінші тур өтеді. Жаңа президент қызметіне 23 желтоқсанда Словенияның қазіргі басшысы Борут Пахордың бес жылдық өкілеттілігі аяқталуымен кірісетін болады. Словения – парламенттік республика, сондықтан ел президентінің функциялары шектеулі.