Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Словакияда ұшаққа айнала алатын AirCar сынақтан өтті
12:44 / 2020-10-31

Словакияда «Klein Vision» компаниясы тарапынан жасалған AirCar бір уақыттың өзінде жерде көлік сияқты қозғалып, әуеде ұшақ сынды ұшалады


Словакияда «Klein Vision» компаниясы тарапынан жасалған AirCar бір уақыттың өзінде жерде көлік сияқты қозғалып, әуеде ұшақ сынды ұшалады.

«Daily Mail» ақпарақ көзінің хабарлауынша, AirCar жол транспортынан ұшаққа айналу мүмкіндігіне ие. Ол сынақ кезінде 450 метрден астам биіктікке көтерілген. Қазірге дейін бұл көлік құралы мұндай сынақты екі рет сәтті орындаған. 

2558439-610x385.jpg  

AirCar әуеге көтерілу үшін оған 30 метр ұшу-қону жолағы қажет болып, ол жылдамдығын сағатына 200 шақырымға дейін жеткізе алады. Компанияның мәліметінше, машина бірден мыңдаған шақырым басып өте алады. Оның салмағы мың килограмнан асады және 200 келіге дейін жүк көтереді. Көліктің ықшамдығына орай оны кез-келген жерге қондыруға болады. Оның көшеде қозғалуы үшін қанаттарыда оңай жиылады.

Көлік 1,6 литрлік BMW қозғалтқышымен жабдықталған, 140 ат күшіне ие және екі орындықпен қамтылған.