Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Словакия Премьер-Министрі ресми сапармен Өзбекстанға келді
22:43 / 2025-06-08

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Словакия Республикасының Премьер-Министрі Роберт Фицо 8 маусым күні ресми сапармен Өзбекстанға келді.

Ташкент қаласындағы халықаралық әуежайда жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен өзге де ресми тұлғалар күтіп алды.

Сапардың негізгі іс-шаралары 9 маусымда өтеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Өзбекстан мен Словакия арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Кездесулерде сауда, инвестиция және инновация, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және туризм салаларындағы әріптестікті кеңейтуге айрықша назар аударылады. Сондай-ақ ұйымдастырылған еңбек көші-қоны, мәдени-гуманитарлық және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Халықаралық маңызы бар тақырыптар, соның ішінде көпжақты алаңдарда өзара қолдау көрсету мәселелері бойынша пікір алмасу жоспарланған.

Көшбасшылардың кездесуі нәтижесінде Өзбекстан мен Словакия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге бағытталған құжаттарға қол қойылады.

[gallery-23806]

Сондай-ақ, Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицо IV Ташкент халықаралық инвестициялық форумына да қатысады.

<iframe width="791" height="445" src="https://www.youtube.com/embed/0J1KptYJ5tw" title="Slovakiya Bosh vaziri O`zbekistonga keldi" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; clipboard-write; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture; web-share" referrerpolicy="strict-origin-when-cross-origin" allowfullscreen></iframe>

И.АВВАЛБОЕВ,

Н.ХАЙДАРОВ (сурет, видео), ӨзА