English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Словакия мен Греция президенттері COVID-19-ға қарсы вакцина салдырды
13:36 / 2020-12-28

Словакия президенті Зузана Чапутова және Греция президенті Катерина Сакелларопулу коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

27 желтоқсан күні Словакияда халықты вакцинациялау басталып, бірінші болып вақцинаны ел президенті Зузана Чапутова салдырған. Ол вакцинация COVID-19-ды жеңудің және «өмірді қалыпқа келтірудің« жалғыз жолы» деп санайды. «Сондықтан мен Денсаулық сақтау министрінің ұсынысын қабылдадым және бүгін вакцина алдым», - деген Чапутова.

Ал, Грецияда президент Катерина Сакелларопулу мен премьер-министр Кириакос Мицсотакис қатар коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина алды. Сакелларопулу вакцинаны Афиныдағы Евангелизм ауруханасында, үкімет басшысы Аттикон университетінің ауруханасында вакцинацияланды. Мицотакис вакцинаны COVID-19-қа қарсы жалғыз құрал деген.

27 желтоқсанда Еуропалық Одақ елдері коронавирустық инфекцияға қарсы өз тұрғындарына вакцина егуді бастады. ЕО осы уақытқа дейін бір ғана дәріні - американдық Pfizer компаниясы мен BioNTech неміс компаниясы жасаған вакцинаны қолдануға рұқсат берді. Вакцинаны қазіше Германия, Франция, Испания, Австрия, Болгария, Чехия және Италия тұрғындары ала бастады.