Словакия AstraZeneca компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын қолдануды тоқтатты.
Ел Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Зузана Элиашова «Словакия AstraZeneca компаниясының вакцинасымен екпе жасауды тоқтатты. Енді коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасымен екпе осы препараттың бірінші вакцинаны алып үлгерген және екіншісін күткен адамдарға ғана жасалады», - деген.
AstraZeneca вакцинасының тоқтатылуына 47 жастағы әйелдің өлімі себеп ретінде көрсетілген болып, оны Словакия фармацевтикалық реттеуші әйелдің өлімі AstraZeneca вакцинасымен байланысты екенін растаған.
Елдегі осы вакцинаның бірінші дозасын алғандар, вакцинаның екінші дозасын алатын болады.
Бұған дейін, Еуропалық комиссия ағымдағы жылдың екінші жартысында британдық-шведтік AstraZeneca вакцинасын жеткізу келісімшартын жаңартудан бас тартты. Оған себеп ретінде компания уақытылы тапсырысты орындамағаны себеп болған.
Қазір Брюссель Pfizer-BioNTech вакцинасына тапсырыс беруді жоспарлап отыр. Осы аптада Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Лайен 2023 жылдың соңына дейін шамамен 2 млрд доза вакцинаны жеткізуге келісімшарт жасалатындығын мәлімдеді.