Әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен айрылған Малидің экс-президенті қайтыс болды
2020 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен қуылған Малидің бұрынғы президенті Ибрагим Кейта 76 жаста қайтыс болды.
Оның бұрынғы кеңесшісінің айтуынша, Ибрагим Кейта Мали астанасы Бамакодағы үйінде қайтыс болған.
Reuters-тің хабарлауынша, Кейта бірнеше жыл бұрын инсульт алған және соңғы кездері емделуге шетелге жиі барған.
Ибрахим Бубакар Кейта Малиде 2013 жылдан 2020 жылға дейін Президент болды. Ол президенттігінің екінші кезеңінде биліктен қуылды. Оған себеп елде сыбайлас жемқорлықтың күшейіп, экономикалық өсім бәсеңдегені және елдің кейбір аймақтарында зорлық-зомбылық күшейе түскені еді.