French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Сивасспор» клубы алғаш рет Түркия Кубогында жеңіске жетті
12:05 / 2022-05-27

«Сивасспор» футбол клубы тұңғыш рет Түркия Кубогында жеңіске жетті.

Түркия Кубогының финалдық кездесуінде «Сивасспор» кайсерилік «Кайсериспор» командасын қосымша уақытта 3-2 есебімен жеңіп, чемпион болды.

«Сивасспор» сапында Аарон Билли Аппиндангое Онделе, Макс-Ален Градель және Мусса Конате гол соққан болса, «Кайсериспор» құрамындағы Рамазан Живелек пен Ильхан Парлак екі гол мен жауап берген.

Сивиасстықтар үшін бұл клуб тарихындағы тұңғыш Түркия Кубогы. Түркия кубогындағы жеңістер саны бойынша рекордшы – Галатасарай. Ыстамбұл клубы бұл турнирде 18 титулға ие болды.