Сирияда жанармай танкері жарылып жеті адам қаза тапты
Сирияның орталығындағы Хама уәлаятында болған күшті жарылыс салдарынан кемінде жеті адам қаза тауып, бірнеше адам жараланған.
«Irna news» мәліметінше, жарылыс Дамасктың солтүстігінде, Алеппоның оңтүстік-батысында орналасқан ауылда орын алған.
Хабарда айтылуынша, қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін. Қазір оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр.