Сирияда бомба жарылысынан үш ресейлік әскери жарақат алды
Сирияның Идлиб аймағының оңтүстігінде орналасқан Эрич ауданында болған жарылыстан үш ресейлік әскери жарақат алып, түрік әскерлері де зардап шеккен
Сирияның Идлиб аймағының оңтүстігінде орналасқан Эрич ауданында болған жарылыстан үш ресейлік әскери жарақат алып, түрік әскерлері де зардап шеккен.
Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығының хабарлауынша Ресей-Түркия бірлескен патрулдік операциясы кезінде жол бойындағы бомбаның жарылуына үш ресейлік әскери қызметші жеңіл жарақат алған және түрік бронды машинасының экипажының арасында да зардап шеккендер бар. Барлық зардап шеккендер сол жерден тез арада эвакуацияланып, Ресей әскерлері Хмеймим авиабазасына жеткізілген. Онда жарақат алған әскерлерге барлық медициналық көмек көрсетілді, қазір олардың өміріне қауіп жоқ», - делінген хабарламада.