Сирия жағалауында 71 адам суға батып кетті
Сирия жағалауында кеме суға батып, кем дегенде 71 адам қаза тапты.
Euronews-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға Сирияның Тартус порты маңында болған. Онда 120-150 мигрант бар Ливаннан келген кеме суға кетуі нәтижесінде 71 адам көз жұмды.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
БҰҰ есебіне сәйкес, соңғы үш жылда 1500-ден астам ливандық Еуропаға теңіз арқылы жетуге әрекет еткен.